Қыр 16, 2021 17:25 Asia/Almaty
  • Коронавирус: Ирандағы жағдай

Бейсенбі күні Иранның Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте COVID-19 жұқтырған 453 адамның қайтыс болғанын, жалпы осы індеттен 116072 адамның көз жұмғанын хабарлады.

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі, сондай-ақ: «Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес өткен 24 сағатта тағы 18021 адамнан COVID-19 анықталды. Жалпы науқастар саны 5378408 адамға жетті»,- деді.

Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде осы күнге дейін 4 682704 науқас жазылып, ауруханалардан шығарылды.

Жалпы елде салынған вакцина саны 40320175 дозаға жетті. 

Тегтер