Қыр 18, 2021 20:53 Asia/Almaty

Ислам революциясы жетекшісі бүгін, сенбі күні Токио Олимпиадасы мен Паралимпиадасында медаль алған спортшылармен кездесуінде: «Ел мақтан тұтатын спортшылар халықаралық аренадағы чемпионатында орындауға болмайды деп ойлайтын істерді атқару және қоғам мен жастарға төзімділік пен үміт және ерік-жігер туралы ең маңызды хабарды жеткізеді»,- деді.

 

Аятолла Хаменеи спорт әлеміндегі  жалған жеңістер мен медальдарының мысалдарын келтіріп, төрешілердің әділетсіздіктерімен бірге парақорлық, саяси қақтығыстар, допинг және өзі мен  отаның сату арқылы медаль алу  сау емес ерліктің үлгісі екенін қуаттады. Аятолла Хаменеи ерлікпен бірге адамдық, діни және рухани құндылықтардың көрінісін өте маңызды деп тауып, олимпиадалық және паралимпиадалық жарыстардағы осы жағдайлардың мысалдарына сілтеме жасай отырып: «Ирандық спортшы әйелдер бұл жарыстарда саясат, ғылым және менеджмент саласындағындай, хиджабтың спорт саласында да жарқырауына кедергі келтірмейтінін дәлелдеді. Ирандық спортшы әйелдердің хиджабы ислам елдеріндегі спортшы әйелдерге де жол ашты. Қазіргі кезде 10-нан астам ислам елінің спортшы әйелдері спорт алаңдарына хиджаб киіп қатысуда»,- деп мәлімдеді. Ислам революциясы жетекшісі спорт алаңдарда сионистік қылмыстық режимді мойындамауды өте маңызды мәселе деп атап: «Қатыгез, адам өлтіруші және заңсыз сионистік режим халықаралық спорт ареналарына қатысып, заңдылыққа қол жеткізуге тырысуда және  әлемнің үстемшілері оған көмектесуде. Бірақ құрметті спорт шенеуніктері мен спортшылар бұл салада үнсіз қалмауы керек»,- деді. Бұл кісі сионистік режим мен оның жақтастарының спортшыларды құқыларынан айыру үшін жасаған өзара әрекеттеріне тоқталып: «Спорт министрлігі мен Сыртқы істер министрлігі мен құқық органдары бұл мәселені заңды жолмен қарастырып, елдің спортшыларын, тіпті басқа елдердің мұсылман спортшыларын, мысалы, жақында тыйым салынған Алжир спортшысын қолдауы керек»,- деп қуаттады. Ислам революциясы жетекшісі мақтан тұтатын ирандық спортшының медаль үшін қылмыстық режим өкілімен қол алыса алмайтынын және оны іс жүзінде ресми тани алмайтынын қуаттап: «Бұл мәселе бұрын басталды, бұрын елдердің спортшылары Оңтүстік Африкадағы апартеид режимінің өкілдерімен жарысқа шығуға бас тартқан. Біраз уақыттан кейін бұл режим жойлды, сионистік режим де жойылады»,- деп сөзін жалғады.