Қыр 20, 2021 20:05 Asia/Almaty
  • Коронавирус: Ирандағы жағдай

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте елде COVID-19 жұқтырған 344 адамның қайтыс болғанын, жалпы құрбандар санының 117526 адамға жеткенін хабарлады.

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі дүйсенбі күні: «Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес өткен 24 сағатта тағы 17397 адамнан COVID-19 анықталды. Олардың 2593-і ауруханаға жатқызылды. Жалпы індетке шалдыққандар саны 5 442232 адамға жетті»,- деді.

Иран Денсаулық сақтау министрлігінің айтуынша, осы күнге дейін 4792117 науқас сауығып, ауруханалардан шықты.

Тегтер