Қыр 21, 2021 19:34 Asia/Almaty
  • Коронавирус: Ирандағы жағдай

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте елде COVID-19 жұқтырған 379 адамның қайтыс болғанын, жалпы құрбандар санының 117905 адамға жеткенін хабарлады.

 

Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес өткен 24 сағатта тағы 17564 адамнан COVID-19 анықталды. Олардың 2581-і ауруханаға жатқызылды.

Ресми статистикаға сәйкес, осы күнге дейін әлем бойынша коронавирус індетін 229 миллионнан астам адамды жұқтырды және 4 миллион 714 мыңнан астам адам оның салдарынан қайтыс болды.