Қыр 21, 2021 22:00 Asia/Almaty
  •  Иран Венада АҚХА бас ассамблеясы отырысының бірінші күні Агенттікті сынға алды

Иран әрқашан Атом Қуаты Халықаралық Агенттігімен (АҚХА) жоғары деңгейде ынтымақтастықта болды. Ол мүше мемлекет ретінде Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктен саясаттанудан бас тартып, тәуелсіздігін, бейтараптылығы мен кәсібилігін сақтайды.

АҚХА 65-ші бас ассамблеясына қатысу үшін Венаға барған Иран Атом қуаты ұйымының басшысы Ислами дүйсенбі, отырыстың алғашқы күні: «АҚШ-тың қате саясатын түзетіп, алдымен санкцияларды практикалық, тиімді және тексерілетін түрде алып тастайтын уақыт келді»,- деді. Иран Атом қуаты ұйымының басшысы Иранның ядролық қарудан азат аймақ құру бастамашысы ретінде сионистік режимнің құпия әскери ядролық бағдарламасына қатты алаңдаушылық білдіретінін  жариялап: «Ядролық қаруды сынақтан өткізу конференциясының қарарының 1995 жылы қабылдануына және одан кейінгі 2009 және 2010 жылдардағы іс-қимыл бағдарламаларына қарамастан, сионистік режим өзінің ядролық жұмыстары мен нысандарын Агенттіктің келісіміне әлі қосқан жоқ»,- деді. Бұл мәселелерді  көтеру мен Иранның АҚХА сынауы оның инспекторларының  бақылауы мен есептерінің бір мағналы емес екенін көрсетеді. Бұл екіжүзділік кейбір мүшелердің жасырулары мен  саяси мақсатты жалған мәлімдемелеріне әкелді. Сауд Арабиясының Энергетика министрі «Абдул Азиз бен Салманның» сөздері мұның мысалы.

Вена саммитінде Бен Салман Израильдің ядролық қаруы мен Сауд Арабиясының қадағалаусыз іске асырып жатқан ядролық іс-әрекеті туралы айтпай,  Иранды жаппай қырып-жоятын қарудың таралуының алдын алуға кедерге болуда деп жалған мәлімдеме жасады. Бұл Иранға қарсы айыпты Сауд Арабиясы жақында «Әл-Халидж әл-Джадид» газеті «Сауд Арабиясы жылдар бойы ядролық қаруға ие болу туралы ойланып келеді» деп жазған жағдайда айтуда. Bloomberg ақпарат арнасы да 2020 жылдың маусымында: «Рияд ядролық бағдарламаның  қару өндірісінде қолданылмауын қамтамасыз ететін халықаралық негізді әлі қабылдамады»,- деп жазды.

Агенттікке   айтылған тағы бір сын оның саяси қысымның әсеріне түсуі болды. Бұл тақырып кеше АҚХА Бас директоры Рафаэль Гроссидің Иран туралы баяндамасында айқын көрінді. Бұл АҚШ-тың тудырған қиындықтарына байланысты «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы келіссөздері  аяқталмаған контексте АҚХА-ның мәселені басқаға бұру  мақсатын білдіреді. Иран жылдар бойы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы жүзеге асыруда ізгі ниетті көрсетті және екі жылдан астам уақыт бойы стратегиялық шыдамдылықпен  басқа тараптардың әрекетінің өзгеруін күтті.  Бірақ АҚШ өзінің қате саясаты мен санкцияларын жалғастырып, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2231 қарарын бұзып, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шықты. АҚХА Вашингтонның саяси көзқарасынан алыстамады  және бұл мәселе халықаралық ұйымның беделіне нұқсан келтірді.  ИИР Атом қуаты ұйымының басшысының АҚХА-не қатысты сыны осы фактілерге негізделген. Сондай-ақ ИИР-ның өзінің ядролық міндеттемелеріне табанды ел ретінде және АҚХА-мен қалыпты ынтымақтастық аясында өзінің толық бейбіт ядролық жұмысы мен бағдарламасын жүргізуге бел байлағанын еске салады.

 

 

Тегтер