Қыр 22, 2021 15:36 Asia/Almaty

Иран Президенті кез келген ұлттың құқығын бұзу, ең алдымен, әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіретініне тоқталып, ИИР саясатының - аймақтағы барлық елдердің тұрақтылығы мен территориялық тұтастығын сақтау екенін қуаттады.

Иран Президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси сейсенбі күні БҰҰ Бас Ассамблеясының жыл сайынғы 76-шы сессиясында бейне байланыс түрінде сөйлеген сөзінде: «Американдықтардың Конгресс ғимаратына басып кіруі мен ауған халқының американдық ұшақтан құлауы туралы тарихи бейнелер    әлемге АҚШ-тың үстемдік жүйесінің елдің ішінде және сыртында  жарамсыз деген жолдауды жеткізді»,- деді. Раиси сөзінің жалғасында: «Иран халқына қарсы санкциялар ядролық бағдарлама немесе тіпті Ислам революциясы кезінде емес, 1951 жылы мұнай өнеркәсібі ұлттандырылған кезде басталды және бұл американдықтар мен британдықтардың Иран халқының сайланған үкіметіне қарсы әскери төңкерісіне әкелді. Санкциялар, әсіресе коронавирус пандемиясы  кезіндегі дәрі-дәрмекке санкция енгізу  адамзатқа қарсы қылмыс болып табылады. Ислам Республикасы денсаулық пен қоршаған ортаны адамзаттың негізгі екі мәселесі ретінде ескере отырып, бұл екі мәселене шешуге қатысты жұмыстарға кедергі келтіретін кез келген санкцияларға тыйым салуды ұсынады»,- деп мәлімдеді. Иран Президенті «біздің саясатымыз - аймақтағы барлық елдердің тұрақтылығы мен аумақтық тұтастығын сақтау» деп қуаттап: «Егер Иран Сирия мен Ирак үкіметтері мен халықтарының қасында болмағанда  және егер шәһид Абумәһди әл-Мохандестің пен шәһид Қасем Сұлейманинидің күресі болмаса, ДАИШ бүгін Еуропаның Жерорта теңізіндегі көршісі болатын еді. Әрине ДАИШ экстремизмнің соңғы толқыны емес»,- деді.

Раиси Құдсты басып алушы режимнің Газа мен Иордан өзенінің батыс жағалауында әйелдер мен балаларды өлтіруді көздейтін ең ірі мемлекеттік лаңкестік ұйым құрушы екеніне тоқталып: «Қазіргі кезде қоршау Газаны әлемдегі ең үлкен түрмеге айналдырды»,- деп тоқталды.

 

 

Тегтер