Қыр 22, 2021 19:23 Asia/Almaty
  • Сақшылар корпусы әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы: Құлдырауды дұшпандардың жүзі мен сөзінде байқаймыз

Сақшылар корпусы әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы: «Құлдырау мен қурауды дұшпандардың жүзі мен сөзінде байқаймыз»,- деді.

Sepah News-тің мәліметінше, Адмирал Алиреза Тангсири Бумұса аралына сапары   және осы аралда орналасқан командирлер мен басидждерінің жиналысына қатысып,  басидждердің күш-қуатты күш екенін қуаттап: «Тарихқа көз жүгіртсек, Ислам майданының ешқашан соғыс ашушы болмағанын, бірақ әрқашан дұшпандардың шабуылына қарсы тұрып, имам Хомейнидің  бұйрығын орындаған сайын жеңіске жеткенін көреміз. Санкциялар бірінен соң бірі тиімсіз болды, ал жас ғалымдардың күш-жігерімен, сенім мен адалдықпен біз барлық салаларда күннен күнге елеулі жетістіктерге жетудеміз»,- деп мәлімдеді.