Қыр 22, 2021 21:30 Asia/Almaty
  • Коронавирус: Ирандағы жағдай

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі 53 күннен кейін елде COVID-19 жұқтырған адамның қайтыс болғандарының санының 300 адамнан төмендегенін хабарлады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше,   өткен тәулікте елде COVID-19 жұқтырған 286 адамның қайтыс болып, жалпы құрбандар санының 118191 адамға жетті.  

Әзірге 32 миллион 250 мың 543 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын алды, 14 миллион 648 мың 891 адам екінші дозаны алды.  Жалпы егілген  вакцинаның саны 46899434 дозаға жетті.  Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес өткен 24 сағатта тағы 17433 адамнан COVID-19 анықталды. Олардың 2164 адам ауруханаға жатқызылды.