Қыр 24, 2021 17:54 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Шәһидтердің таза қаны Ислам республикасының ісі тура екенін тарихқа тіркеді

Ислам революциясының жетекшісі Қасиетті қорғанысқа қатысқан шәһидтерді еске алып, ардагерлерді ұлықтау күніне арнаған жолдауында: «Шәһидтердің таза қаны Ислам республикасының ісі тура екенін тарихта тіркеді»,-деді.

Аятолла Хаменеи бейсенбі күнгі жолдауында: «Қасиетті қорғаныс апталығы жоғары мәртебелі шәһидтердің аттарымен көмкерілген. Шәһидтер мен ардагерлердің жанпидалығы мен табандылығы Иран халқына жеңіс сыйлады. Шәһидтердің таза қаны Ислам республикасының ісі тура екенін тарихқа тіркеді»,-деді.  

Ислам революциясының жетекшісі: «Ардагерлердің ең үлкен ғибраты – мынау: шынайы талпыныс жасалған жерде жеңіс пен мерей болады. Иран халқы бұл естелікті ешқашан естен шығармайды»,-деді.

Ирак диктаторы Саддам режимінің басқыншы армиясы 1980 жылы 22 қыркүйекте түрлі соғыс құралдарын пайдаланып, Иранға қарсы ауқымды шабуыл бастады. 31 шәһривар Иранның күнтізбесінде Қасиетті қорғаныс апталығының басталар күні деп белгіленген.   

Тегтер