Қыр 25, 2021 17:39 Asia/Almaty
  • Коронавирус: Ирандағы жағдай

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте елде COVID-19 жұқтырған 280 адамның қайтыс болғанын және жалпы вакцина алғандардың санының 49789504 адамға жеткенін хабарлады.

 

Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес өткен 24 сағатта тағы 10843 адамнан COVID-19 анықталды және олардың 1567-і ауруханаларға жатқызылды.