Қыр 26, 2021 21:21 Asia/Almaty
  • Коронавирус: Ирандағы жағдай

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте елде COVID-19 жұқтырған 288 адамның қайтыс болғанын, жалпы құрбандар санының 119360 адамға жеткенін хабарлады.

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі жексенбі күні: «Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес өткен 24 сағатта тағы 13792 адамнан COVID-19 анықталды. Олардың 1926-сы ауруханаға жатқызылды. Жалпы індетке шалдыққандар саны 5 533520 адамға жетті»,- деді.

Иран Денсаулық сақтау министрлігінің айтуынша, осы күнге дейін 4944087 науқас сауығып, ауруханалардан шықты.

Тегтер