Қыр 26, 2021 22:40 Asia/Almaty
  • Джебели: Иран Телерадио бірлестігінің әлеуеті революцияның мәдени әлеуетінің аясында дамытылуы тиіс

Иран Телерадио бірлестігінің әлемдік қызмет торабының басшысы бірлестіктің зерттеу және бағдарлама жасау әлеуеттері аясының ислам революциясының мәдени әлеуеті аясында кеңейтілуі қажеттігін айтты.

Iran Press ақпарат агенттігінің жексенбі күні хабарлауынша, Пейман Джебели революция майданындағы мәдени белсенділер, Қасиетті қорғаныс саласындағы зерттеушілер мен деректі фильм түсірушілер және ұлттық ақпарат құралдарында бағдарлама жасаушылардың бір тобымен кездесуінде контент тудыру саласында барынша белсенді әрі шешуші сипатта көрініс табу, идеологиялық қолдау мен стратегияларды айқындау үшін ұлттық ақпарат штабындағы барлық бөлімдердің тиімділігін арттыру қажеттігін айтты.  

Джебели Иранның ең ірі мәдени аппараты ретіндегі Телерадио бірлестігінің қоғамдағы идеологиялық кеңістікке бағыт берудегі рөлін бұлтартқысыз деп атап, осы саладағы ең маңызды түйткілді ұлттық ақпарат құралында жарияланатын материалдардың революциялық мәдениеттің терең әрі кең әлеуеттеріне үйлесімді болуы деп атады.   

Тегтер