Қыр 27, 2021 00:58 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хасанзаде Амолидің қайтыс болуына орай көңіл айтты

Аятолла Хаменеи бір хатында аятолла Хасанзаде Амолидің қайтыс болуына орай көңіл айтты.

Ислам революциясы жетекшісінің кеңсесі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аятолла Хаменеидің хатында: «Алланың атымен бастаймын! Алланың бірлігі жолында қызмет еткен аятолла Хасанзаде Амолидің қайтыс болғаны туралы қаралы хабар естідім. Бұл ойшыл ғалым әр заманда таныстардың көзі мен жүрегін жаулайтын, білімі, танымы, ақылы және жүрегінің нұрымен сусындататын санаулы тұлғалардың бірі еді. Бұл кісінің еңбектері таным мен тағылымды сүйетіндерге таптырмайтын дереккөзі болды және бола береді, иншалла. Өз тарапымнан осы ұлы тұлғаның шәкірттері мен достарына, әсіресе Амольдің  мүмін әрі революцияшыл халқына, оның жоғары адами қасиеттері мен революциялық ұстанымдарына қызығатын жастарға көңіл айтамын. Алла тағаладан марқұмды кешіріп, рақымшылық жасап, о дүниеде дәрежесін өсіруді сұраймын» делінген.