Қыр 27, 2021 19:53 Asia/Almaty
  • Коронавирус: Ирандағы жағдай

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте елде COVID-19 жұқтырған 289 адамның қайтыс болғанын, жалпы құрбандар санының 119649 адамға жеткенін хабарлады.

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі: «Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес өткен 24 сағатта тағы 14470 адамнан COVID-19 анықталды. Олардың 2219-сы ауруханаға жатқызылды. Жалпы індетке шалдыққандар саны 5547990 адамға жетті»,- деп жариялады.

Ресми статистикаға сәйкес, әлем бойынша 232 миллионнан астам адам COVID-19 жұқтырды және 4 миллион 763 мыңнан астам адам одан қайтыс болды.   

 

Тегтер