Қыр 28, 2021 17:32 Asia/Almaty
  • Иран БАӘ-нің үш арал туралы мәлімдемесіне жауап берді және Парсы шығанағы туралы ескерту жасады

ИИР-ның делегациясы БҰҰ Бас Ассамблеясында ирандық Абу Мұса, Кіші Тонб және Үлкен Тонб аралдарының Иран жерінің ажырамас бөлігі екенін және бұл жағдайға қайшы келетін кез-келген шағымның қабылданбайтынын қуаттады.

 

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, ИИР делегациясының БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-сессиясының отырысында БАӘ өкіліне берген жауабында: «Иран  БАӘ арасында мұндай даудың бар екенін мойындамайтындығы туралы өзінің қатаң ұстанымын қайталайды»,- деді.

ИИр делегациясы БАӘ өкілінің сөздеріне берген жауабында   Парсы шығанағының дұрыс атауын қолдану қажеттілігі туралы тағы бір мәрте ескерту жасады.