Қыр 28, 2021 20:49 Asia/Almaty
  • Иран Телерадио бірлестігі  әлемдік қызмет торабының Қазақ радиосы мен Қазақстанның мемлекеттік радиосы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Иран Телерадио бірлестігі əлемдік қызмет торабының Қазақ радиосы мен Қазақстанның мемлекеттік радиосы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

 

Иран Телерадио бірлестігі əлемдік қызмет торабының Қазақ радиосының мәліметінше, меморандумға Қазақ  радиосының бас директоры Ернұр Көшерханұлы Бурахан мен ИИР Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабының Кавказ және Орта Азия елдері департаментінің басшысы Борхан Хешмати онлайн режимінде қол қойды. Тараптар екі ел арасындағы достық пен бауырластықты нығайту үшін бұқаралық ақпарат құралдарының тиімді əріптесуі қажеттігін атап өтті. Меморандумға қол қою аясында ИИР Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабының Кавказ және Орта Азия елдері департаментінің басшысы Қазақстандағы "Қазақ радиолары" ЖШС-ын 100 жылдық мерейтойымен құттықтады. Хешмати екі ел БАҚ-тарының ынтымақтастығы бірінші санаттағы ақпарат көздеріне қол жеткізу үшін екі елден нақты және дұрыс жаңалықтармен жылдам алмасу, қателік жасаудан және медиа желісінің бұрыс бағытқа түсіп кетуден аулақ болуына көмектеседі деп үміт білдірді. Ернұр Бурахан Иран Телерадио бірлестігі əлемдік қызмет торабының Қазақ радиосымен ынтымақтастық меморандумына қол қойғанына ризалық білдірді.

 

 

Тегтер