Қаз 10, 2021 19:55 Asia/Almaty
  • Коронавирус: Ирандағы жағдай

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі жексенбі күні: "Өткен тәулікте елде 222 адам COVID-19-дан көз жұмды. Жалпы құрбандар саны 122592 адамға жетті",-деп хабарлады.

Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес кешеден бүгінге дейін тағы 11256 адамнан COVID-19 анықталды. Жалпы індетке шалдыққандар саны  5702890 адамға жетті.

Осы мәліметке сәйкес, осы күнге дейін 5217999 науқас жазылып, ауруханалардан шығарылды.

Иран Денсаулық сақтау министрлігі: "Елде егілген вакцина саны 64401945 дозаға жетті",-деп мәлімдеді.

Тегтер