Қаз 12, 2021 15:58 Asia/Almaty
  • Ахмад Наурузи Әлемдік қызмет торабының басшысы болып тағайындалды

Ахмад Наурузи Иран Телерадио бірлестігі басшысының жарлығымен бұл бірлестіктің Ахмад Наурузи Әлемдік қызмет торабының басшысы болып тағайындалды.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Телерадио бірлестігі басшысы Пейман Джебели бұл жарлығында Әлемдік қызмет торабы үшін әртүрлі, соның ішінде «Аймақтық және бұқаралық ақпарат құралдары деңгейінде әсер ету тереңдігі мен ақпарат шеңберін кеңейту және жаулардың бұрмалануы мен бүлікшіл толқындарына қарсы тұру», «Ислам әлемі мен Қарсыласу майданы ақпарат құралдарына Ислам революциясы жақтастары мен әлемнің бостандық талап етушілерінің бұқаралық кеңістігінде өкілеттік беру», «Исламдық Иранның адал ойшылдарымен аймақ пен әлемнің ойшылдары арасында байланыс құру», «Ислам революциясының бастапқы дискурсы мен таза идеяларын халықаралық аренада интеллектуалды түрде енгізу және тарату», «Халықтармен  мәдениетаралық қарым-қатынасты кеңейту», «Әртүрлі ғылыми, көркем, әлеуметтік, мәдени және басқа салалардағы даму үлгісі мен ирандық исламдық өмір салтын көркем түрде ұсыну», «Біліктілікті арттыру және аудиторияға БАҚ қызметін көрсетудің жылдамдығы мен сапасын арттыру» бағыттарды анықтады.