Қаз 12, 2021 23:20 Asia/Almaty

«Велаят аспаның қорғаушылары – 1400» бірлескен мамандандырылған әуе қорғанысы жаттығуы бүгін, 12 қазан сейсенбі таңертең Иранның орталық шөлді аймағында армия әуе қорғанысы күштері мен Сақшылар корпусының әуе күштері таңдаулы бөлімшелерінің қатысуымен басталды.

Хатам-әл-Анбия Әуе қорғанысы біріккен базасының қолбасшысы бригада генералы Қадер Рахимзаде «Велаят аспаның қорғаушылары – 1400»  бірлескен әуе қорғанысы жаттығуының мақсаты бөлімдердің жауынгерлік дайындығын жақсарту, тежеу ​​құралдарын құру, әртүрлі қатерлермен күресу үшін жергілікті қорғаныс жүйесін бағалау, электронды және кибер соғыс кеңістігінде жедел және техникалық қызметкерлердің білімі мен дағдыларының деңгейін жоғарылату болып табылады»,- деді. ИИР Қарулы күштері үшін мамандандырылған жаттығуларды өткізу бірнеше маңызды ерекшеліктерге ие. Бірінші ерекшелігі: барлық жауынгерлік және қорғаныс техникасы мен жүйелерінің жергілікті болуы - қарулы күштердің ішкі мүмкіндіктерге сүйенетінін көрсетеді. ИИР бұл салада бір мезгілде екі мақсатты көздеді. Бірінші мақсат - қорғаныс өнеркәсібін қажет саладарда, әсіресе стратегиялық маңызы бар зымыранға қарсы қорғаныс саласында жергілікті ету. Екінші мақсат - кадрлар мен мамандандырылған күштермен қамтамасыз ету, сондай-ақ біліктілікті арттыру механизмдерін қолдану мен жүйелі түрде мамандандырылған жаттығуларды өткізу. Бұл жаттығуларды өткізудің тағы бір ерекшелігі: Иранның әскери қуатын қорғаныс пен тежеудің барлық қажеттіліктеріне сәйкес арттыру.

Ислам революциясы жетекшісі әрі Иранның бүкіл  Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы Аятолла Хаменеи Иран халқының күш-қуатының негіздерін түсіндіре отырып,  исламдық жүйені тежеу саясатының мақсаты халықаралық бұзақылардың Иранға қарсы шабуыл жасау туралы ойларының  алдын алу екенін қуаттады. Үшінші ерекшелігі: Иранда әскери жаттығуларды жүзеге асыру кезінде жаңа технологияларды қолдану. Бұл жаттығуда да озық электронды жабдықтар, ақылды құралдар, зымырандар мен жетілдірілген дрондар қолданылады.

 

Тегтер