Қаз 13, 2021 17:19 Asia/Almaty

Иранның әуе қорғанысы бірлескен базасының қолбасшысы: «Армия әуе қорғанысы күштерінің «Джоушан» мен «Хатам» жүйелері «Велаят аспаның қорғаушылары-1400» бірлескен әуе қорғанысы жаттығуында нысаналарды жойып жіберді»,- деді.

Иранның әуе қорғанысы бірлескен базасының қолбасшысы «Джоушан» мен «Хатам» жүйелерінің бұл жаттығуда алғаш рет сынақтан өткеніне тоқталып: «Джоушан» зымырандық жүйесі  пассивті радарды қолданған «15 хордад» қорғаныс жүйесінің жаңартылған нұсқасы. Ол бұл жаттығуда сынақтан сәтті өтті және белгілеген нысананы жарып жіберді»,- деп мәлімдеді.

«Велаят аспанын қорғаушылар-1400» бірлескен әуе қорғанысы жаттығуы жергілікті зымыран кешендерін, радарларды, ақпаратты барлау, электронды соғыс, байланыс жүйелері мен визуалды бақылау желілерін кеңейту және орналастыру арқылы кеше сейсенбі күні Иранның шөлді аймағында басталды.

 

Тегтер