Қаз 13, 2021 18:46 Asia/Almaty
  • Коронавирус: Ирандағы жағдай

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте елде COVID-19 жұқтырған 194 адамның қайтыс болғанын, жалпы құрбандар санының 123275 адамға жеткенін хабарлады.

Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес өткен тәулікте тағы 12298 адамнан COVID-19 анықталды. Олардың ішінен 1699 адам ауруханаларға жатқызылды. Жалпы індетке шалдыққандар саны 5742083 адамға жетті.

Ресми статистикаға сәйкес, әлем бойынша коронавирусты 239 миллионнан астам адамды жұқтырды және 4 миллион 883 мыңнан астам адам оның салдарынан қайтыс болды.