Қаз 16, 2021 22:21 Asia/Almaty
  • Раиси Иран Телерадио бірлестігі басшысымен кездесуінде: Ұлттық ақпарат құралдары халық пен басшылар арасындағы көпір болуы керек

Иран Телерадио бірлестігі басшысы бүгін, сенбі күні ИИР Президентімен кездесті.

 

 

Иран Президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше,  ИИР Президенті Ибрахим Раиси  елдің Телерадио бірлестігі басшысы пейман Джебелимен кездесуінде Телерадио бірлестіктің халықтың мәселелері мен қиындықтарын және ел басшыларының көзқарасын көрсететін ұлттық БАҚ ретіндегі маңызды рөліне тоқталып: «Телерадио бірлестік үкімет пен басшылардың халықпен қарым-қатынас орнату көпірі болуы керек»,- деді.  Раиси үкімет пен басқа басшылардың жұмысы, жетістіктері мен нәтижелерін хабарлау мен түсіндірудегі дәлдік, жылдамдық және адалдық сынды  үш факторға   назар аудартып: «Үкімет пен Телерадио бірлестігінің бірлескен ынтымақтастығының нәтижесі халық арасында үміт тудыруы тиіс»,- деп мәлімдеді.