Қаз 18, 2021 01:06 Asia/Almaty
  • Иран сауда палатасының басшысы өз елінің Шанхай ынтымақтастық  ұйымына тұрақты мүше болып кіруін маңызды оқиға деп атады

Иран сауда палатасының басшысы: «Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымына тұрақты мүше болып кіруі – еліміздің сыртқы саясатындағы ең маңызды оқиға»,-деді.

Ғұламхұсейн Шафии осы палата мүшелерінің отырысында: «Шанхай ынтымақтастық  ұйымына мүше елдердің барлығы – Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше. Сондықтан халықаралық ережелерді қабылдайды»,-деді.

Шафии: «Шанхай ынтымақтастық  ұйымы – еуразиялық ұйым. Қазір жаңа Еуразия қалыптасу үстінде. Бұл кеңістікте 4 құдірет ошағы болады: солтүстікте Ресей, шығыста Қытай, оңтүстікте Үндістан, батыста Еуропа»,-деді.

Шафии: «Иран – Еуразияның екі ірі экономикасы Ресей мен Үндістанды, Оңтүстік-шығыс Азия мен Солтүстік Еуропаны байланыстыратын көпір»,-деді.

Тегтер