Қаз 18, 2021 22:35 Asia/Almaty

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: "Аймақ елдері сионистік режимнің өз территориясында орналаспауын жіті бақылауы керек",-деді.

Саид Хатибзаде дүйсенбі күні баспасөз отырысында Iran Press тілшісінің Иранның солтүстік-батыс шекарасы маңында Əзірбайжанның əскери жаттығу өткізгені туралы сұрағына жауап беріп, бұл тақырыпты əр елдің қалыпты ісі деп атап: "Əскери жаттығулар тақырыбынан бөлек, аймақтағы барлық елдер сионистік режимнің аймақта болуынан туындаған тынышсыздықтарға көбірек көңіл бөлуі керек",-деді.

Иран СІМ-ның ақпарат хатшысы сионистік режимнің болмысын қан, қатыгездік жəне террор құрайды деп: "Көршілес елдерге достық қалыпта түрлі жолмен Теһранның өз шекарасына жақын жерде сионистік режимнің болуына төзбейтінін жеткізді",-деді.

Хатибзаде Ауғанстанға көршілес елдердің Сыртқы істер министрлері отырысы туралы: "Біз алдағы аптада Теһранда Ауғанстанға көршілес елдердің Сыртқы істер министрлері отырысы өтеді, алты елдің министрі қатысады. Олар Ауғанстанда барлық қауым өкілдерінің қатысуымен бірлескен үкімет құрып, бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға қалай көмектесе алатындарын талқылайды",-деді.

Тегтер