Қаз 19, 2021 16:54 Asia/Almaty
  • Генерал-майор Багери: Иран мен Ресейдің қарым-қатынасы тереңдеу мен нығайту жолында

ИИР Қарулы күштері Бас штабының басшысы: «Бұл сапар барысында келіссөздердің күн тәртібінде бірнеше мәселе болды және келіссөздер жақсы алға ілгерледі», - деді.

 

Генерал Мұхаммад Бақери «Ресей 24» жаңалықтар желісіне берген сұхбатында: «Екіжақты мәселелерде біз кейбір мәселелер  оның ішінде жойғыштар, жауынгерлік тікұшақтар мен оқу ұшақтарын сатып алу туралы келісімшартты орындау, тәжірибе алмасу, күштерді дайындау жөнінде өте пайдалы келіссөздер жүргіздік»,- деді.

Генерал-майор Бақери кеше Ресей Қарулы күштері Бас штабының басшысы Валерий Герасимовпен өткен сындарлы келіссөздерге тоқталып: «Келіссөздерде Сириядағы толық қауіпсіздікті қалпына келтіру үшін терроризмді жоюға тиесілі екі елдің ынтымақтастығын жалғастыру, сондай-ақ Ауғанстан мәселесі мен Оңтүстік Кавказдағы оқиғалар талқыланды. Иран мен Ресейдің бұл мәселелрге қатысты жақын көзқарастары бар»,- деп айтты.

 

Тегтер