Қаз 20, 2021 22:03 Asia/Almaty

ИИР Қарулы күштері бас штабының басшысы: "Иран мен Ресей қарым-қатынасы тереңдетіліп, нығайтылып жатыр",-деді.

Генерал-майор Мұхаммед Бағери "Ресей 24" ақпарат арнасына берген сұхбатында Ресейдің əскери басшыларымен кеңескені туралы: "Екіжақты мәселелер, соның ішінде қырғи ұшақтар,  əскери тікұшақтар, оқу ұшақтарын сатып алу туралы келісімді орындау, тәжірибе алмасу жəне əскерилерге білім беру жайында жақсы келіссөз жүргіздік",-деді.

Генерал-майор Бағери: "Жалпы Иран мен Ресей қарым-қатынасы барлық салада тереңдетіліп, нығайтылып жатыр. Екі ел арасында əскери-қорғаныс саласында да өте жақсы жағдай қалыптасқан",-деді.

Тегтер