Қаз 21, 2021 20:06 Asia/Almaty
  • Иран армиясы Əуе күштерінің

Иран армиясы Əуе күштерінің "Велаят аспанын қорғаушылардың əуедегі айбыны" атты оныншы əскери жаттығуы алғаш рет бір орталықтан емес, елдің түкпір-түкпіріндегі бөлімшелердің қатысуымен бүгін (бейсенбі) басталды.

Иран армиясы Əуе күштерінің қолбасшысы: "Бұл жаттығуда елде жасалған дамытылған кешендер мен қару-жарақтар, соның ішінде қашықтан басқарылатын ауыр бомбалар, лазерлік зымырандар мен түрлі радарлар қолданылады",-деді.

Əскери тежегіш, қорғаныс жəне басқыншылық күш-қуаты - дұшпанның ықтималды шабуылдарының алдын алу үшін стратегиялық тақырыптардың бірі. Аталмыш əскери жаттығудың маңыздылығы осы мақсаттарды ілгерілетуінде",-деді.

Иран əуе-ғарыш саласында, зымырандық қуат пен теңіз қуаты жəне құрлық күштері саласында бірінші дəрежелі стратегиялық күш саналады.

Иран армиясы Əуе күштерінің мамандары жергілікті құралдарды, соның ішінде ұшқышсыз ұшақ, əскери ұшақтар мен қырғи ұшақтар, оқ-дəрілерді пайдаланатындықтан жоғары оперативтік қуатқа ие.

Бұл ерекшеліктер Иранның əскери доктринасында  стратегиялық мақсаттарды ілгерілетуге, жауынгерлік дайындықты сақтауға жəне əскери қуатты жоғарылатуға тиімді əсер етті.

Аймақтағы ауыр жағдай мен қоқан-лоққылар аясының кеңдігін ескеріп, қорғанысқа дайын болып, қоқан-лоққыларды жою үшін басқыншылық жасауға əзір болған дұрыс.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи ел Қарулы күштерінің қуатын арттырудың маңыздылығын түсіндіріп: "Ислам жүйесінің тежегіш қуаты" атты саясаттың мақсаты - халықаралық үстемшілдер тарапынан Иранға басқыншылық жасау қиялының алдын алу",-деді.

Мамандандырылған ірі əскери жаттығулар өткізу дұшпандардың ықтималды басқыншылығына қарсы елдің қорғаныс және тежегіш қуатын көрсету болып табылады. Алайда бұл қуат ешқашан аймақ қауіпсіздігіне қатер болған емес.

Иранның аймақтың қауіпсіздігіне қатысты саясаты соғыс пен текетірестен бас тарту, қауіпсіздік саласында интеграцияға шақыру жəне ұжымдық қауіпсіздікті сақтау үшін аймақ ішінде əрекеттесу болып табылады.

Тегтер