Қаз 22, 2021 18:57 Asia/Almaty
  • Теһранда 20 айдан кейін жұма намаз өтті

Коронавирустың таралуына байланысты Теһран мен Иранның көптеген облысында 20 айға тоқтатылған жұма намазы бүгін Теһран халқының әртүрлі топтарының қатысуымен өткізілді.

IRNA агенттігінің хабарлауынша, Теһран жұма намазы ковид COVID-19 індетінің өршуіне байланысты 2020 жылдың наурыз айының басынан бастап тоқтатылды. Алайда елдің түпкір-түпкіріндегі вакцинациямен және Коронавирусқа қарсы ұлттық штабының мақұлдауымен бүгін Теһранда Теһран университетінде Қажы Әли Акбаридің имаматымен жұма намазы оқылды. Жұма намазының имамы Мұхаммад Джавад Қажы Әли Акбари Ислам ұлық пайғамбарының ислам үмбетін құрудың үш негізгі стратегиясына тоқталып: «Хазіреттің бірінші стратегиясы - ислам үмбетінің мұсылмандардың жеке басын кәпірліктен  қорғау үшін   нақты шекарасы болуы керек. Екінші стратегиясы – исламдық өзара қарым-қатынасындағы махаббаты, бірлігі мен ішкі сүйіспеншілігі. Үшінші стратегия - исламдық қоғамның бірлігі мен күші Алланы еске алуға және Оған құлшылық етуге негізделуі керек»,- деді.

Теһран жұма намазының имамы: «Мұсылман үмбеті арасындағы бірлік мәселесі үстірт мәселе емес, ол стратегия және негіз. Мұсылман үмбеті арасындағы ең маңызды мәселе – бір сөзбен бауырластық деп түсіндірілетін олардың қатарларының, жандарының, жүректерінің және ойларының бірлігі»,- деп қуаттады.

 

Тегтер