Қаз 22, 2021 19:58 Asia/Almaty
  • Иран: БҰҰ адамгершілікке жатпайтын әрекеттері үшін сионистік режимді жауапкершілікке тартуы керек

ИИР-ның БҰҰ Бас Ассамблеясының Саяси және отарсыздандыру комитетіндегі өкілі сионистік режимнің қоқан-лоққыларына реакция білдіріп: «Халықаралық қоғамдастық пен БҰҰ адамгершілікке жатпайтын әрекеттері үшін сионистік режимді жауапқа тартуы керек»,- деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ИИР-ның өкілі бұл кездесуде: «Коронавирус эпидемиясы және халықаралық қауымдастық COVID-19 індетінің әсері мен салдарын азайтуға шоғырланған уақытта, Израиль режимі жағдайды өз мүддесіне, атап айтқанда өзінің заңсыз қалашықтарының белсенділігі және жерлерді тартып алу мен әскери басқыншылық жоспарларын күшейту үшін пайдалануды жалғастыруда»,- деп мәлімдеді. Ол Газаның адамгершілікке жатпайтын қоршауына және гуманитарлық дағдарыстың өршуіне, Голан жоталары мен Сирия мен Ливанның аймақтарын басып алудың жалғасуына, режимнің аймақтағы елдерге қарсылығына тоқталып, мұндай әрекеттердің аймақтық және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіретінін  ескертті.

 

  

 

Тегтер