Қаз 22, 2021 21:05 Asia/Almaty
  • Коронавирус: Ирандағы жағдай

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі осы күнге дейін коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын 50373488 адам, екінші дозаны 28291777 адам алғанын және жалпы елде вакцинаның 78665265 дозасының егілгенін жариялады.

 

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, кешеден бүгінге дейін нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес тағы 11064 адамнан COVID-19 анықталды. Жалпы індетке шалдыққандар саны  5844589 адамға жетті. Өкінішке орай өткен тәулікте елде 165 адам COVID-19-дан көз жұмды. Жалпы құрбандар саны 124928 адамға жетті. Осы мәліметке сәйкес, осы күнге дейін 5388496 науқас жазылып, ауруханалардан шығарылды.

 

Тегтер