Қаз 24, 2021 22:38 Asia/Almaty
  • Коронавирус: Ирандағы жағдай

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі жексенбі күні: "Өткен тәулікте елде 171 адам COVID-19-дан көз жұмды. Жалпы құрбандар саны 125223 адамға жетті",-деп хабарлады.

Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес кешеден бүгінге дейін тағы 9174 адамнан COVID-19 анықталды. Жалпы індетке шалдыққандар саны  5860844 адамға жетті.

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі елде салынған жалпы вакцина санының 80 млн дозадан асқанын хабарлады.

Тегтер