Қаз 27, 2021 19:58 Asia/Almaty
  • Раиси: Кибершабуылдарды болжау, алдын алу және оларға қарсы жабдықтау өте маңызды

ИИР Президенті кибершабуылдарды болжау, алдын алу және оларға қарсы жабдықтау қажеттілігін қуаттап: «Кейбір адамдар халықтың өмірінде тәртіпсіздік пен бұзылулар жасау арқылы адамдарды ашуландырғысы келеді»,- деді.

 

Иран Президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси сәрсенбі күні үкімет отырысында елдегі жанармай құю станциясына жасалған кешегі кибершабуылға сілтеме жасай отырып: «Бұл әрекеттің мақсаты - адамдардың нақты мақсаттарына жетуіінің алдын алу үшін олардың өмірін бұзу»,- деп мәлідеді.  

Раиси Иран Телерадио бірлестігінің уақтылы ақпарат  таратуына ризалығын білдіріп: «Мұнай министрлігі адамдардың құқықтарына нұқсан келтірмеу үшін бұзылудың зардаптарын өтеу үшін шаралар қабылдауы керек»,- деді.

Иранның Ұлттық мұнай өңдеу және тарату компаниясының бас директоры Джалил Салари ел бойынша 220 жанармаймен қамтамасыз ету стансасының интеллектуалды жанармай жүйесіне қосылғанын және осы станцияларда квоталық бензинмен қамтамасыз ету мүмкіндікті болуын жариялады.