Қар 05, 2021 19:43 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері: "Біз тек нәтижесінде барлық санкциялар жойылатын келіссөздерге қатысамыз. ИИР төзімді тауысатын келіссөздерді қабылдамайды",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, аятолла сейіт Ахмад Хатами Теһран университетінде өткен жұма намазының құтпаларында: "АҚШ-қа өлім" ұраны – Иран халқының қасиетті ұрандарының бірі. Бұл режимнің Иран халқы алдында абыройы жоқ. Саддамның Иранға шабуылында АҚШ-тың қолын көруге болады. Шабуылдан үш күн бұрын Бжезинский Саддамен кездескен",-деді.   

Аятолла Хатами америкалықтардың Иранмен келіссөз жүргізуге асығып отырғанын айтып: "Біз тек нәтижесінде барлық санкциялар жойылатын келіссөздерге қатысамыз. ИИР төзімді тауысатын келіссөздерді қабылдамайды. Ол өзіне керегін анық біледі",-деп еске салды.

Теһран жұма намазының құтпагері, сондай-ақ, Сақшылар корпусы теңіз күштерінің Оман теңізінде Иран мұнайын ұрламақшы болған АҚШ армиясына соққы бергеніне тоқталып: "Бұл әрекет АҚШ-тың абыройын төгіп, оның әскерилерінің өрмекші торында отырғанын көрсетті",-деді.

Тегтер