Қар 09, 2021 18:41 Asia/Almaty

ИИР армиясының «Зульфақар-1400» атты бірлескен әскери жаттығуы жер үсті және суасты кемелерінің, соның ішінде толық ирандық мамандармен жасалған «Дена» эсминецінің шеруін өткізуімен аяқталды.

Iran Press  ақпарат агенттігінің мәліметінше, ИИР армиясының «Зульфақар-1400» атты бірлескен әскери жаттығуында жер үсті және суасты кемелері, соның ішінде толық ирандық мамандармен жасалған «Дена» эсминеці, эсминецтердің басқа түрлері, зымыран ұшыратын кемелер,  «Тареқ» және «Қадир» класындағы кемелер мен сүңгуір қайықтар парадты қабылдаушы «Саханд» эсминецінің алдынан өтті. Әскери әуе күштерінің F4 жойғыштары, «Мираж» және P3F барлау ұшақтары мен тікұшақтары бұл парадта жер үсті және суасты кемелерімен еріп өтті.

 

Тегтер