Қазақстан делегациясы 21-ші Халықаралық тұрмыстық техника көрмесін тамашалады
Қазақстан делегациясы сәрсенбі күні халықаралық тұрмыстық техника көрмесін аралады.
Иран Телерадио бірлестігінің шетелдік торабы қазақ тіліндегі радиосының мәліметінше, 21-ші Халықаралық тұрмыстық техника көрмесін аралаған соң Қазақстан Елшісінің орынбасары Тұрмыстық техника өнеркәсібі қауымдастығының бас хатшысы Аббас Хашемимен кездесті. Қазақстан Елшілігінің уақытша сенімді өкілі Тұрмыстық техника өнеркәсібі қауымдастығының бас хатшысымен кездесуінде: «Бұрын Қазақстан мен Иран арасындағы сауда байланысы тек бидай мен металды импорттаумен шектеліп келсе, енді тұрмыстық техника саласында көбірек ынтымақтастық орнатуға талпынамыз»,- деді.
Хашеми де бұл кездесуде Қазақстанның 18 миллиондық нарығын Иранның тұрмыстық техника экспорттық нарықтарын дамыту үшін жақсы мүмкіндік деп атап: «3 елде Иранның тұрмыстық техника құрастыру желісі бар және біз Қазақстанда да жаңа құрастыру желісін іске қоса аламыз. Көрші 3 елде ұқсас жұмыс іке асырылды»,- деді.