Қар 19, 2021 00:06 Asia/Almaty
  • Сақшылар корпусының бас қолбасшысы қарулы күштердің теңіз қауіпсіздігі саласындағы қуатын арттыру қажеттігін айтты

Халықаралық сулардағы және елдің су шекарасындағы қауіпсіздік пен тұрақтылық теңіз күштерінің мұхиттар мен теңіздерде батыл да айбынды түрде қызмет етуіне қарыздар. Бұл – Иранның теңіз және айлақ қоғамының мақтанышы.

Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы генерал-майор Хұсейн Салами жексенбі күні Имам Хаменеи атындағы теңіз ғылымы мен техникасы университетінде орналасқан бөлімшелер мен орталықтарды аралап: "Қарулы күштердің қуатын үнемі арттырып отыру керек. Мына жолдау бәрінің құлағына жетуі тиіс: ИИР-ның Қарулы күштері ешкімге елдің ішкі ісіне араласуға жол бермейді",-деді.

Иранның қорғаныс доктринасы қорғану және тежеу саласында ең жоғары дайындыққа ие болуға негізделген. Иранның Қарулы күштері бүгінде теңіз, әуе және құрлықта дамыған қару-жарақтарды пайдаланып, қауіпсіздік сақтауды қажет ететін кез келген жерде айбынмен әрекет ету қабілетіне ие.

Иран саудасының 90 пайызға жуығы теңіз арқылы жүзеге асады. Бүгінде теңіздегі қарым-қатынасқа трансаймақтық ойыншылар да, кейде теңіз қарақшылары да қауіп төндіреді. Бұл Иранның экономикасына зиян тигізеді.  

Теңізде тежегіш қуатқа ие болудың басты шарттарының бірі – теңіз күштері қолданатын құрал-жабдықтарды ел ішінде жасау технологиясына ие болу. Иран санкцияларға қарамастан, жергілікті білімді пайдалана отырып, теңіз қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айтарлықтай жетістікке жетті.

Иран армиясы мен Сақшылар корпусы теңіз күштерінің теңізде және жағалауда болуы елдің шекарасын қорғаумен қоса, ел үшін, әсіресе жағалау маңындағы облыстардың тұрғындары үшін тыныштық пен қауіпсіз сауданы да қамтамасыз етіп отыр. Иранның Қарулы күштері аймақтық және халықаралық суларда әсерлі қызмет атқару арқылы сауда үшін, әсіресе кеме қатынасы үшін тұрақты қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қарым-қабілеті жететінін дәлелдеді. Иран теңіз күштері жуырда ирандық танкердің тауарын талан-таражға салғысы келген АҚШ-қа төтеп беріп, өзінің кез келген қоқан-лоққының бетін қайтаруға әзір екенін көрсетті.

Тегтер