Қар 21, 2021 18:15 Asia/Almaty

Хорһе ауылы (Khorheh) – Иранның Орталық облысының Махаллат ауданындағы көне тарихи жерлердің бірі. Ауылда Ашканилер заманына тиесілі ғибадатхананың сақталуы оның танымалдығын арттырды.

Iran Press-тің хабарлауынша, Хорһе ғибадатханасында биіктігі 8 метрге жуық екі тас баған бар. Жалпы ғибадатханада ашық кеңістік, бөлмелер, дәліздер, террасалар және 12 биік баған болған. Қазір тек екі баған ғана қалды.

«Хорһе» Авеста кітабында күн шығатын жер деген мағынада қолданылған. «Хор» сөзі бұл кітапта «жайлау» мағынасын береді.

 

Тегтер