Қар 23, 2021 16:50 Asia/Almaty

ИИР Президенті бүгінгі таңда адамзат қоғамы үшін Аллаға және руханиятқа назар аудару қажет екенін қуаттап: «Құран ілімі бойынша біздің ортақ қасиетіміз, яғни хазірет Ибрахимнің діндері бірлігіміз бен ынтымағымызға әкеледі»,- деді.

Иран Президенті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ибрахим Раиси сейсенбі күні Ватиканның Теһрандағы жаңа елшісі Анджей Юзовичтің сенім грамотасын алған соң: «Егер бүгінгі әлемді зорлық-зомбылық жасаушылар, хазірет Исаның іліміне құлақ асса, қатыгездік жасамайды және бұл салада Ватикан белсенді рөл атқара алады»,- деді.