Қар 23, 2021 17:26 Asia/Almaty

ИИР Президенті Иран-Нидерланды сауда және инвестиция салаларындағы қарым-қатынастарының дамуые қуаттап, технологиялар, әсіресе қоршаған орта және су мәселелері саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға шақырды.

Иран Президенті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ибрахим Реиси Нидерландының Теһрандағы жаңа елшісі Франсиско Иоганн Мария Мулленмен кездесіп, Нидерланды сияқты тамыры бар елдердің тәуелсіз болып, үстемдік ағымы көзқарастарының ықпалына түспеуі қажеттігін мәлімдеді. Раиси Нидерландыда жүздеген мешіттің бар екеніне тоқталып,   мұсылман құқықтарын  құрметтеуді Еуропа мәдениеті пен өркениетінің нығаюына себеп болады деп тауып,   Нидерландының сауда-инвестициялық ынтымақтастыққа дайындығын қолдап,   технология саласындағы, әсіресе қоршаған орта мен су мәселелері саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға шақырды.

Иоган Мария Муллен Раисиге Нидерланды Корольдігінің жылы лебізін жеткізіп: «Иран аймақтағы қуатты мемлекет және сауда мен инвестиция саласында екі ел арасында көптеген жақсы мүмкіндіктер бар»,- деді.