Қар 24, 2021 15:43 Asia/Almaty
  • Раиси Түркіменстанға сапар шегеді

ИИР Президенті Экономикалық ынтымақтастышқ ұйымы (ЭЫҰ) саммитіне қатысу үшін Ашхабадқа аттанады.

 

ИИР Президенті Ибрахим Раиси алдағы сенбіде Түркіменстан астанасында өтетін ЭЫҰ саммитіне қатысу үшін Ашхабадқа аттанады.

ЭЫҰ 1985 жылы Иран, Пәкістан және Түркия тарапынан мүше елдер арасындағы экономикалық, техникалық және мәдени ынтымақтастықты дамыту мақсатында құрылған аймақтық ұйым. Иран, Пәкістан, Түркия, Ауғанстан, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан  ЭЫҰ-на мүше 10 мемлекет.