Қар 25, 2021 19:53 Asia/Almaty
  • Коронавирус: Ирандағы жағдай

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі бейсенбі күні: "Өткен тәулікте елде 96 адам COVID-19-дан көз жұмды. Жалпы құрбандар саны 129376 адамға жетті",- деп хабарлады.

Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес, кешеден бүгінге дейін тағы 4850 адамнан COVID-19 анықталды.  Елде жалпы індетке шалдыққандар саны 6097672 адамға жетті.

Иранда осы күнге дейін 5830653 науқас жазылып, ауруханалардан шығарылды.  

Елде жалпы егілген вакцина саны 104 024 229 дозаға жетті.  

Тегтер