Қар 26, 2021 19:11 Asia/Almaty
  • Халықаралық лифттер және эскалаторлар көрмесі ашылды

Өнеркәсіп, тау-кен және сауда министрлігі мен Иран Ынтымақтастық палатасының бір топ лауазымды тұлғаларының қатысуымен Лифттер және эскалаторлар, конвейерлер, бөлшектер мен керек-жарақтардың 10-шы халықаралық көрмесі ашылды.

 

Бұл көрмеде 106 отандық және 5 шетелдік компания эскалатор және лифт саласындағы соңғы жетістіктерін көрсетеді. Теһран халықаралық көрме орталығында жұмысын бастаған 10-шы халықаралық лифттер, эскалаторлар, көтергіштер, конвейерлер, бөлшектер мен керек-жарақтар көрмесі 29 қарашаға дейін ашық.

 

Тегтер