Қар 27, 2021 17:56 Asia/Almaty
  • Ислами: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан  шыққандардың Иранның ядролық бағдарламасына қатысты пікір айтуға құқығы жоқ

Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққандардың Иранның ядролық бағдарламасына қатысты пікір айтуға құқығының жоқтығын қуаттады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мұхаммед Ислами жұма күні Иранның көрнекті ядролық ғалымы Мохсен Фахризаденің  шәһид болуының жылдығы аясында Теһранда тілшілер алдында: «Иранның ядролық бағдарламасы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мәселесімен байланысты, сондықан бұл    халықаралық келісімдегі міндеттемелерін орындамаған және шыққандардың бұл туралы пікір білдіруге құқығы жоқ. Венадағы алдындағы келіссөздер де «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына және екінші тараптың міндеттемелерін орындауына байланысты»,- деді.

29 қарашада Венада Иран мен  4+1 тобының АҚШ санкцияларын жою туралы келіссөздері өтеді.

Тегтер