Қар 27, 2021 19:06 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Венаға аттанды

Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының ортақ комиссиясы отырысының кезекті басқосуына қатысу үшін бүгін, сенбі күні делегацияны басқарып, Австрияның астанасы Венаға атанды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Әли Бақери Кани дүйсенбі күнгі 4+1 тобы мен Еуроодақ мүшелерімен кездесуінде Иранның келіссөздер тобына төрағалық етеді. Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары сапарға аттанардан бұрын: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты барлық санкциялардың, соның ішінде мейілінше қысым көрсету саясаттың аясында салынған санкциялардың жойылуы келіссөздердің сәтті өтуінің қажетті шарты болып табылады»,- деді.