Қар 27, 2021 19:36 Asia/Almaty
  • Коронавирус: Ирандағы жағдай

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі сенбі күні: "Өткен тәулікте елде 87 адам COVID-19-дан көз жұмды. Жалпы құрбандар саны 129549 адамға жетті",- деп хабарлады.

Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес, кешеден бүгінге дейін тағы 3045 адамнан COVID-19 анықталды.  Елде жалпы індетке шалдыққандар саны 6105101 адамға жетті.

Иранда осы күнге дейін 5853066 науқас жазылып, ауруханалардан шығарылды.

Елде жалпы егілген вакцина саны 104 609 358 дозаға жетті.  

 

Тегтер