Қар 28, 2021 19:37 Asia/Almaty
  • Иран Парламенті Юсеф Нуриге сенім дауысын берді

Иран Ислам Кеңесінің Мәжілісі ел үкіметінің Білім жəне тәрбие министрлігін басқаруға ұсынған үміткеріне оң дауыс берді.

Бүгін, жексенбі Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің ашық жиналысы ел үкіметінің Білім жəне тәрбие министрлігін басқаруға ұсынған үміткер Юсеф Нуридің біліктілігін талқылауға арналып, жақтаушылар мен даттаушылар пікір білдіріп, Нури сөз сөйлеген соң дауыс берілді.

Нәтижесінде Юсеф Нуриге 268 депутаттан 194 оң, 57 теріс жəне 17 қалыс дауыс беріліп, ол Мәжілістің сенім дауысына ие болды.