Қар 28, 2021 20:34 Asia/Almaty
  • Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі: 4 млн ауғандық мигрантты вакцинациялау - Иран үшін үлкен жетістік

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі: "Ирандағы 4 млн ауғандық мигрант азаматтығы мен елде болу жағдайына қарамастан, коронавирусқа қарсы вакцина алды. Бұл - Иран үшін үлкен жетістік",-деді.

Джафар Хұсейн: "Иранда тұратын мигранттарды коронавирусқа қарсы вакцинамен қамтамасыз ету - Теһран үкіметінің үлкен жетістігі",-деді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Ирандағы өкілі: "Иранда жаппай вакцинациялау қызметі жақсы ұйымдастырылды. Сырттан вакцина импортталып, ел ішінде де вакцина өндірілген соң бұл салада халық толық қамтамасыз етілді",-деді.