Қар 29, 2021 21:11 Asia/Almaty

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы: "Иран өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бар күшін салады",-деді.

Саид Хатибзаде отандық және шетелдік ақпарат құралдарының апталық баспасөз отырысында Iran Press тілшісінің сұрағына жауабында сионистік режим Қорғаныс министрінің Иранның Чабаһар мен Қешмді ұшқышсыз ұшақтар шабуылы үшін пайдаланып отырғаны туралы уәждеріне реакциясында: "Ешкім Иранның қауіпсіздігіне, Парсы шығанағы мен оның айналасының қауіпсіздігіне қатер төндіре алмайды",-деді.

Хатибзаде Палестина халқымен тілеулестік күнімен құттықтап: "Палестина – біз үшін бұлтартқысыз арман. Бұл халықтың қам-қайғысы ешқашан Иран халқының есінен шықпайды",-деді.