Қар 29, 2021 22:06 Asia/Almaty
  • Иран, Түркіменстан мен Әзірбайжан арасында газ свопы бойынша үшжақты келісімшартқа қол қойылды

Иран мен Әзірбайжан басшылары Түркіменстан газын ИИР жері арқылы Әзірбайжан республикасына своп тәсілімен жеткізу туралы үшжақты келісімшартқа қол қойды.

Иран Президентінің кеңсесі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жексенбі күні кешке Иран мен Әзірбайжан басшыларының екіжақты кездесуінің соңында екі елдің Мұнай министрлері қол қойған келісімшарт бойынша жылына 1,5-2 млрд шаршы метр түркімен газы Иран жері арқылы Әзірбайжанға тасымалданатын болады.

Своп немесе алмасу – аймақ пен әлемде қуат көздерін тасымалдаудың ең сенімді әрі шығыны аз тәсілдерінің бірі.  

Тегтер