Жел 01, 2021 03:06 Asia/Almaty
  • Теһранда

Иранның астанасы Теһранның "Афтаб" мәдениет үйінде "Тасвир-е фасл" (Мезгіл суреті) көркемсурет тобының басшысы Джавад Елминианың ұйымдастыруымен фотограф Захра Сейед Мортидің "Ариана" атты фотосурет көрмесі өтіп жатыр.

Захра Сейед Мортидің айтуынша,  ол 6 жылдан бері тағамдар мен дастарханды көркем суретке түсірумен айналысып келеді. Бір жарым жылдан бері 5 топтық көрмеге қатысып, енді жеке фотосурет көрмесін өткізіп жатыр. Тағам, дастархан, табиғат, қоғам және тарихи жерлер тақырыбында 30 фотосуретті жұрт назарына ұсынып отыр.

Көрме бейсенбі күні аяқталады.    

Фотограф Захра Сейед Морти
Image Caption

 

Тегтер